Атырауда ер адамды ит талап тастады
Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті
Атырау қаласының Балауса ықшам ауданында ер адамды ит талап тастады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Azh.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды
Әлеуметтік желіде тараған бнйнежазбада ер адам үйіне кіріп бара жатқанда көршісінің қатты айқайын естіп, жүгіріп келгенде оны ит талап жатқанын көрген. Кадр сыртындағы дауыс:
«Алабай тұқымдас ит болуы керек, әрең дегенде арашалап қалдық. Жеп қоятын түрі бар. Ит келесі көшені айналып қашып кетті», - дейді.
Ал зардап шегуші иттің аяқ-қолын талап тастағанын айтады. Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті.
«Сағат 01.41-де облыстық аурухананың жарақат пунктіне 1979 жылы туған Балауса ықшамауданының тұрғыны жеткізілді. Диагноз: «Иттің тістеуі. Жоғарғы және төменгі тұсын бірнеше жерден талаған». Оның жағдайы орташа дәрежеде», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Ал қалалық аулау қызметі адамға шабуыл жасаған ит табылғанын хабарлады.
«Иесі мен ит табылды. Біз итті арнайы базаға апарамыз, онда ол 10 күн бойы бақыланады. Егер құтыру күдігі расталса, онда ол эвтанизацияланады. Ал иесінің ісін учаскелік инспекторларға тапсырамыз. Өкінішке қарай, тұрғындар иттерін кешкі уақытта бос жіберетін фактілер жиі кездеседі», - деді «Қалалық аулау қызметі» ЖШС директоры Исатай Оразғалиев.