$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысындағы фельдшерлердің наразылығына қатысты Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді

Қазіргі кезде жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысын 350 мың теңгеге дейін жеткізу мүмкін болмай тұр

Маңғыстау облысындағы фельдшерлердің наразылығына қатысты Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында фельдшерлердің наразылығына қатысты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Медициналық қызметкерлер санатына кірмесе де, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істеп жүрген адамдарға биылдан жалақы 20 пайыз өсті. 2025 жылға дейін 20 пайыздан өсіп отырады. Былтырдан бері медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру іске асырылды. Бізде дәрігерлердің орташа жалақысы 350 мың теңге болса, орта медицина қызметкерлеріне 230 мың теңге төленеді. Ал жүргізушілер 100 мың теңге алып жатыр. Біз олардың жалақысын біртіндеп көтереміз», - деді министр.

Министрдің сөзінше, қазіргі кезде жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысын 350 мың теңгеге дейін жеткізу мүмкін болмай тұр.

«Маңғыстау облысында айтылған талап бойынша қазіргі кезде жалақыны 350 мың теңгеге жеткізу мүмкін болмай тұр. Біздің денсаулық сақтау жүйемізде тиісті жалақы қарастырылған. Кез келген маманды жұмысқа қабылдаған кезде, еңбек келісімшартында оның жалақасы белгіленеді. Яғни осы жалақыға келісе отырып, жұмысқа тұрады. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша мән-жай түсіндірілді. Олар жұмыстарына қайта шықты. Атап айтқанда, жедел көмек көрсететін қызметтер өздерінің қызмет орнын тастап кетпеуі керек. Осы уақыт аралығында науқастың жағдайы күрт нашарласа, денсаулығына байланысты адам өмірі қиылып жатса, онда сот деңгейінде қатаң тексерулер болуы мүмкін. Яғни ұйым оларды сотқа тартуы ықтимал», - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары