Жетісу облысында жүк көлігінің жүргізушісі мас күйінде екі автомобильді басып өтті
Жол апатынан екі адам ауыр жарақат алды
Жетісу облысы Көксу ауданында жүк көлігі жүргізушісі мас күйінде екі жеңіл автокөлікті басып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол апатынан екі адам ауыр жарақат алды.
Оқиға Балпық би ауылында 16 қыркүйектен 17-сіне қараған түні болған. «Камаз», «Опель Вектор» және «Тойота Камри» автокөліктері арасында болған жол апатында екі адам ауыр жарақат алды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер Көксу аудандық ауруханасына жатқызылды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша жол апатына 31 жастағы Камаз жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі екендігі анықталды. Ол медициналық куәландыруға сәйкес мас болған. Қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары 345-1-бап (ЖҚЕ бұзу немесе КҚ-ны алкогольден мас күйінде басқаратын адамдардың КҚ-ны пайдалануы) бойынша жүргізіледі.
Ер адам ұсталып, Көксу аудандық полиция бөліміне жеткізілді.