$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаевтан көмек сұраған қостанайлық жігіт өзін әкімдік қызметкері ұрып тастағанын айтты

Қостанай қаласының әкімдігі арқылы оның үйін жалған құжатпен сатып жіберген

Тоқаевтан көмек сұраған қостанайлық жігіт өзін әкімдік қызметкері ұрып тастағанын айтты
Бейнеден кадр

Қостанай облысында баспанасын қайтарып алу үшін Мемлекет басшысынан көмек сұраған азаматты әкімдік қызметкері ұрып тастаған. Бұл туралы қостанайлық жігіттің өзі бейнежазба арқылы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Міне, менің Президентке үйімді жалған құжатпен сатып жібергені үшін шағым түсіргенімнің нәтижесі осындай болды. Маған әкімдік қызметкерлері электрошокермен және пышақпен шабуылдады», - дейді бейнежазбада жараланған азамат.

Айта кетейік, бұған дейін ол азамат Қостанайдағы үйінен айырылып қалғанын айтып, Президенттен көмек сұрағанын жазғанбыз. Өз сөзінде ол Қостанай қаласының әкімдігі арқылы үйін жалған құжатпен сатып жібергенін айтқан еді. Президент аталған істің анық-қанығын біліп, азаматтың мәселесін шешіп беруге уәде еткен болатын.

Серіктес жаңалықтары