$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰҚШҰ қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды

Ұйымдағылар орын алған жағдайды мұқият қадағалап отырғандарын жеткізді

ҰҚШҰ қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды
Фото ашық дереккөзден

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) арада жүргізіліп жатқан келіссөздерді құптап, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанды жанжалды бейбіт жолмен реттеуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұйым хатшылығына сілтеме жасап.

ҰҚШҰ Хатшылығы атысты тоқтатылуын және Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан шекара қызметтері қолға алған келіссөздерді құптады.

«Аталған күрделі шекаралық мәселені шешудің, шиеленісті жағдайды басудың және оны ушықтырмас үшін өзара қолайлы жолдар табылатынына сенімдіміз. Біз күш қолдануға мүлде болмайды деп санаймыз», - делінген хабарламада.

Ұйымдағылар орын алған жағдайды мұқият қадағалап отырғандарын және қазіргі қол жеткізілген бітім ұзақмерзімді сипатқа ие болатындығынан үміттенетіндерін жеткізді.

«Жанжалды тек келіссөздер үстелінде шешу керек, одан әрі кісі өліміне жол берілмеуі тиіс», - деп хабарлады ҰҚШҰ Хатшылығы.

Серіктес жаңалықтары