$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент Қостанайдағы үйінен айырылып қалған азаматтың мәселесін шешіп беруге уәде етті

Оның үйін жалған құжатпен сатып жіберген көрінеді

Президент Қостанайдағы үйінен айырылып қалған азаматтың мәселесін шешіп беруге уәде етті
Бейнеден кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы жұмыс сапары кезінде ауыл азаматтарымен кездесіп, тұрғындардың арыз-тілегін тыңдады. Тұрғындардың бірі Қостанайдағы үйінен айырылып қалғанын айтып, Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ПРезиденттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Қостанай қаласының әкімдігі арқылы үйімізді жалған құжатпен сатып жіберген. Бірінші қалалық сотқа, одан кейін облыстық сотқа жүгіндік. Сот тіпті мәселенің анық-қанығын таразылаған да жоқ. Жоғарғы сотқа жүгініп едік, өтінішті қабылдаған жоқ. Көмектесуіңізді өтінем», - деді тұрғын.

Тұрғынның айтуынша, үйдің шынайы құжаты өзінің қолында.

«Атамыз қайтыс болғанда ақымақтық жасап, үйді бірден өз атымызға аудармай жүріп қалдық. Арада 10 жыл өтіп кеткен. Бірақ бәріміз түгел сол үйде тұрып жаттық. Ай сайын коммуналдық қызмет ақысын төлеп келдік. Коммуналдық қызметтер анам Елена Шарифуддинованың атына рәсімделген негізі. Екі жыл болды, бүкіл истанцияларға арыздандық. Прокуратураға да жүгініп жатырмыз. Сізге де электронды өтініш жаздық. Бірақ әзірге жөнді жауап алмадық», - деді арызданушы.

Президент аталған істің анық-қанығын біліп, азаматтың мәселесін шешіп беруге уәде етті.

Серіктес жаңалықтары