17.09.2022, 11:34
Жаңалықтар
Астаналықтар Головкин мен Альварес жекпе-жегін үлкен экран арқылы тамашалай алады
Шараны «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырып отыр
Ертең, яғни 18 қыркүйек күні (Астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді.
Айтулы жекпе-жекті астаналықтардың үлкен экран арқылы тамашалауға мүмкіндігі бар. Головкин мен Альварес кездесуінің жаппай көрсетілімін «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырып отыр.
Көрсетілім уақыты: 18.09.2022, 07:00
Мекен-жайы: «ЭКСПО» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1.
Айта кетейік, бүгін қарсыластар жекпе-жек алдында салмақ өлшеді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді