11.02.2020, 19:05
Жаңалықтар
Конституцияның 25 жылдығына арналған медальдың сипаттамасы бекітілді
Мемлекет басшысы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы жарлыққа қол қойды

Фото: tengrinews.kz
Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі табысталады.
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы:
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі белгіден және тағаннан тұрады.
- Мерекелік медальдың белгісі алтын түстес жезден жасалады, диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер болады.
- Мерекелік медальдың беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе Қазақстан Республикасының Конституциясын білдіретін, ортаңғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан ашылған кітаптың бейнесі жасалған. Кітаптың астында көгілдір эмальмен құйылған «25 ЖЫЛ» деген жазу орналасқан. Аверстің барлық реңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес эмальмен құйылған. Шеңбердің ішінде аверстің шетін бойлай «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген жазу бар. Аверстің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Мерекелік медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы әрі жылтырақ.
- Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанмен жалғасады.
- Таған ені 32 мм көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған. Лентаның ортасында ені 8 мм сары жолақ өтеді.
- Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орналасқан.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
17.08.2025, 20:41
Шерзат Полат ісі: куәгер ретінде қатысқан екі қыздың ісіне қатысты тың мәлімет жарияланды
17.08.2025, 12:26
«Күндерім бар қайғылы»: Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды
17.08.2025, 18:05
Дүйсенбіде бір өңірде ғана жаңбыр жаумайды – синоптиктер болжамы
17.08.2025, 16:49
«Шай мен сыра»: Желіде Баян Алагөзованың қыздары талқыға түсті (ВИДЕО)
17.08.2025, 17:33
Желіде той үстінде жас жұбайларға KFC берген видео талқыланып жатыр
Редактордың таңдауы
14.08.2025, 15:26
Отбасы банк ақша тапты: «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта басталады