12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сәрсенбі күні оңтүстік өңірлерде жаңбыр аралас қар жауады
12 ақпан, сәрсенбі күні республиканың бірқатар өңірінде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет», РМК-ге сілтеме жасап.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр аралас қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады, облыстың оңтүстік-батысында жел жылдамдығы 30 м/с жетеді, тіпті одан да асып кетуі ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз жаңбыр аралас қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, кей аумақта жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 24-29 м/с жетеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр аралас қар жауады, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жылдамдығы 18 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.