Оңтүстік Кореяда 8 қазақстандық азамат жазасын өтеп жүр
Ал Қазақстанда Оңтүстік Корея азаматы істі болып сотталған
Оңтүстік Корея түрмелерінде сегіз қазақстандық азамат отыр. Бұдан өзге, Қазақстанның тағы 11 азаматы заң бұзды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Оңтүстік Кореядағы сотталған отандастарымыз туралы ақпарат Сеулде өткен екі елдің Сыртқы саясат ведомстволары қызметкерлерінің кездесуінде белгілі болған.
Айта кетерлігі, Оңтүстік Кореяда қылмыс жасаған қазақстандықтардың жаза мерзімін өз елінде өтеуге мүмкіндігі бар.
ҚР Парламент мәжілісінде екі мемлекет арасында сотталғандарды беру туралы келісім қарастырылады деп күтілуде.
Екіжақты кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстанда істі болып сотталған және қазіргі таңда жазасын өтеп жатқан оңтүстіккореялық азаматтың да бар екені белгілі болды.