Әлемді ашаршылық жайлап барады - БҰҰ
Статистиканың күрт артуына Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс себеп
Әлемде аштықтың зардабын тартып жүргендердің қатары 350 млн-ға жеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Статистиканың күрт артуына Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс себеп. БҰҰ-дағы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Дэвид Бизлидің айтуынша, ушыққан геосаяси ахуалға байланысты жаһанда аш құрсақ жүргендердің қатары 70 млн адамға артып кетті. Мәселен, Украина мен Ресей арасындағы текетірестен кейін тауар жеткізу жағы қиындап, көптеген елдерге дәнді дақылдар экспортталмай қалды.
«Әлемде аштық мәселесінің күрт өсуіне байланысты дабыл қағып отырмыз. Жағдайдың ушығуына қарулы-қақтығыс, пандемиядан кейінгі экономикалық тұрақсыздық, климаттың өзгеруі, жанармай құнының қымбаттауы мен азық-түлік пен тыңайтқыш бағасының шарықтауы түрткі болды. Салдарынан аштықтың ауыр зардабын тартып отырғандардың қатары тағы 70 млн адамға артып кетті», - БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Дэвид Бизли.