ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда 2023 жылға дейін киік атуға тыйым салынды

Қазақстанда 2015 жылдан бастап киік атуға тыйым салынды

фото авторы: Яков Федоров

Киіктердің санын көбейтіп, оларды сақтау мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми мақсаттан басқа жағдайда киіктерді атуға 2023 жылға дейін тыйым салынды. Бұл туралы ақпаратты комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады

«Киікті атуға 2023 жылға дейін тыйым салу туралы кеңесті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Зоология институты берген. Биологиялық негіздеме мемлекеттік экологиялық сараптамамен мақұлдаған. Киікті атуға тыйым салу туралы бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күннің ішінде күшіне енеді», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қазақстанда 2015 жылы 150 мыңнан астам киік қырылған еді. Сол себепті 2015 жылдан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін киіктерді атуға тыйым салынған болатын. Енді киіктің санын көбейту үшін бұл мерзім 2023 жылға дейін ұзартылды.