Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны біршама азайды
COVID-19 вирусын жұқтырған 15 адам ауыр жағдайда жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 253 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласында - 51,
Алматы қаласында - 25,
Алматы облсында – 2,
Ақмола облысында – 36,
Ақтөбе облысында – 2,
Жетісу облысында - 2,
Атырау облысында - 5,
Шығыс Қазақстан облысында - 8,
Абай облысында - 5,
Жамбыл облысында - 4,
Батыс Қазақстан облысында - 18,
Қарағанды облысында - 28,
Ұлытау облысында - 3,
Қостанай облысында - 25,
Қызылорда облысында - 2,
Маңғыстау облысында – 8,Павлодар облысында - 10,
Солтүстік Қазақстан облысында - 14,
Түркістан облысында – 4.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 391 161 адамға жетті.
9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 16 324 адам коронавирус инфекциясынан (–16 079+ және 245 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 345 пациент стационарда, 15 979 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
15 адамның жағдайы ауыр,
4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.