Нұр-Сұлтандағы «Арқар» көпірі 5 қыркүйекке дейін жабылды
Елорда тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет

Елордадағы «Арқар» көпірі және Момышұлы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы толық жабылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен «Арқар» М-1 көпірінің және Момышұлы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы толық жабылғанын мәлімдейді.
«Арқар» М-1 көпірі мен жол қиылысы орташа жөндеу жүргізу үшін 2 қыркүйек 20:00-ден 5 қыркүйек 06:00-ге дейін жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.