Павлодар қаласының тұрғынынан 18 қап көкнәр тәркіленді

Ол көкнәрдің әр киллограмын 12 мың теңгеден сатқан

Павлодар қаласының тұрғынынан 18 қап көкнәр тәркіленді

ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу Павлодар қаласының тұрғыны қаладағы дүкендердің бірінде көкнәр сатып алғанын, одан үй жағдайында жеке пайдалану және өткізу үшін ацетилденген апиын дайындағанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дүкен иесі Павлодар қаласының әртүрлі жеке кәсіпкерлерінен көкнәрді көтерме бағамен сатып алғанын және есірткіге тәуелді адамдарға бір килограмын 12 000 теңгеден сатқанын түсіндірді. Полиция қызметкерлері дүкеннен әрқайсысының салмағы 25 кг болатын көкнәр салынған 18 қапты тәркіледі.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 301-бабы (Улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.