$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қонаевта коммуналдық сала қызметкері әйел адамды соққыға жықты

Соққыдан кейін 60 жастағы әйел адам есінен танып қалған

Қонаевта коммуналдық сала қызметкері әйел адамды соққыға жықты
фото: kabar.kg

Қонаев қаласында ауыз сумен қамтамасыз ететін жеке ұйымның қызметкері мен тұрғындар арасында жанжал болып, бір адам соққыға жығылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында бірнеше адамның қатысуымен болған жанжалдың видеосы тарады.

Кадрда көше тұрғындарының ер кісімен дөрекі түрде дауласып жатқаны байқалады. Белгілі болғандай, тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымының қызметкерлеріне шағымдарын білдірмек болған. Видеода шу шығарған жұршылықтың «суға төлемейміз» деп шағымдарын айтқандары естіледі.

Ұрыстың соңы төбелеспен аяқталды. Жанжалға араша түскен әйелді ер кісі ұрып жіберіп есінен тандырды.

Аталған жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Алматы облысының Полиция департаменті аталған оқиғаның ағымдағы жылдың 29 тамызында Қонаев қаласындағы «Алтын-Алма» саяжай кооперативінің аумағында орын алғанын хабарлайды. Жанжал ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жеке ұйымның қызметкері мен тұрғындар арасында болған. Ауызша жанжал күш көрсетуге ұласқан. 60 жастағы тұрғын Орталық қалалық ауруханаға жатқызылды. Құқық бұзушылық Қонаев қаласының полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті шаралар жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары