$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында ашық көмір кенішінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда «БелАЗ» жүргізушісі ішінде 5 жұмыскер отырған «УАЗ» көлігін жаншып өткен болатын

Қарағанды облысында ашық көмір кенішінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
фото ult.kz

Қарағанды облысындағы Қазақмыс корпарациясына тиесілі ашық көмір кенішінде болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап.

«БелАЗ» жүргізушісі, ішінде 5 жұмыскер отырған «УАЗ» көлігін не себепті жаншып өткенін полиция мен еңбек инспекторы бірлесіп анықтамақ. Арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия құрылды. Жан түршігерлік оқиға «Молодежный» ашық көмір қазатын кеніште орын алған. Биіктігі 5 метр, ондаған тонналық «БелАЗ» ауыр техникасы «УАЗ» көлігін жаншып өткен. Осының салдарынан көліктегі 5 жұмыскердің екеуі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Қалған үшеуі ауруханаға түскен болатын. Бүгін екеуі үйлеріне шығарылған, қалған біреуі әлі ауруханада жатыр.

«Науқасқа тексеру барысында политравма диагнозы қойылған. Науқастың жамбас сүйектері және алақан сүйектері, тобық сүйектерінің сынғаны анықталды, тексеру барысында. Қазір жағдайы бірқалыпты, ертең операциялық ем жасауға жоспарланып жатыр», - деді Қарағанды қ. №1   көпсалалы ауруханасының бөлім меңгерушісі Ғалымбек Сайлауұлы.

Серіктес жаңалықтары