$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қыркүйек айынан бастап СҚО-дағы электр пойыздарының билеті 50 пайызға қымбаттайды

Әкімдік теміржол көлігін субсидиесіне айына 80 млн теңге төлеп отыр

Қыркүйек айынан бастап СҚО-дағы электр пойыздарының билеті 50 пайызға қымбаттайды

Солтүстік Қазақстанда қыркүйек айынан кейбір бағыттағы теміржол көлігі билеттерінің ақысы қымбаттайды. Барлық электр пойыздарының қызмет құны 50 пайызға көтерілмек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда 3 бағытта электр пойыздары жұмыс істеп тұр. Жуырда оларды мүлде жабу жөнінде мәселе қаралған болатын. Жолаушылар оған үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Солардың бірі Тоқшын ауылының тұрғыны Руфия Сәрсенбаева.

«Біраз жылдан бері Петропавлда жұмыс істеймін. Ауылда екі қолға бір күрек табылмады. Осы уақыт аралығында қалаға күнде барып жүрмін. Оны жапса, бізге қиынға соғады. Ауыл тұрғындарының кем дегенде 50 пайызы облыс орталығында жұмыс істейді. Біз электр пойыздарының жұмысының тоқтатылуына қарсымыз. Автобустар уақытылы жүрмейді. Қыстың күні тіпті қиын. Такси қызметі қымбат», - дейді Тоқшын ауылының тұрғыны Руфия.

«Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы өткен жылдың желтоқсанында тендер жариялаған болатын. Ресеймен шекара ашылғаннан кейін 8-маусымнан бастап электропойыздар жолға қайта шықты. Алайда Ресей рублінің бағамы күрт көтеріліп, субсидия көлемі бірден артып кетті. Бұған дейін 50-60 млн төленсе, қазір 80-86 млн теңге шығып жатыр. СҚО аумағындағы барлық инфроқұрылым Ресейдің «Оңтүстік-Орал» теміржолының меншігінде. Тендерді ұтып алған кәсіпкерге жұмыс істеу тиімсіз болып қалды. Сондықтан бір бағытты қысқартуды ұйғарды. Тариф 50 пайызға көтеріліп отыр. Мәселен, Есілкөлден билет 830 теңге болса қазір 1260 теңге болады. Балалар билеті оның 50 пайызы. Бірақ оның өзі шығындарды жаппайды. Бізге электр пойызының қызметін қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан өте тиімсіз», - дейді Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжінов.

Серіктес жаңалықтары