$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда 95 жатақхананың 12-сі жаңа оқу жылына дайын емес

Жатақхана салуды жоспарлаған төрт университеттің біреуі ғана жұмысқа кіріскен

Алматыда 95 жатақхананың 12-сі жаңа оқу жылына дайын емес
фото: aikyn.kz

Алматыда студенттерге арналған 95 жатақхананың 12-сі жаңа оқу жылына дайын емес. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың ЖОО ректорларымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығын талқылау жөніндегі кездесуге қала басшысы Ерболат Досаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, жоғары оқу орындарының ректорлары, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында оқушыларды жатақханамен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру және қаладан тыс жерлерден келген студенттерді әлеуметтендіру мәселелері қаралды.

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жатақхана орындарының тапшылығы 32 мың орынды құрады.

Осы жылы жатақхана салуды жоспарлаған төрт университеттің ішінен тек Гончаров атындағы университет жұмысқа кіріскен. ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ мен ХАТУ дайындық үстінде.

Қала әкімі жоғары оқу орындарының басшылығына жатақхана құрылысын жеделдету қажеттігін атап өтті.

Жиын барысында жастар саясаты басқармасы мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп өткізген жатақханалар мен оқу корпустары мониторингінің нәтижелері ұсынылды. Тексеру қорытындысы бойынша, қаланың 95 жатақханасының 12-і жаңа оқу жылына толық дайын емес-өрт қауіпсіздігі нормаларының, санитарлық жағдайлардың бұзылуы, бөгде адамдардың тұру фактілері және т.б. анықталды.

Серіктес жаңалықтары