28.08.2022, 04:08
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 600 млн адамға жетті
COVID-19 -дан 6,48 млн көз жұмған
Фото: EPA/Vostock-photo
АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің деректеріне қарағанда, сенбі күні әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 600 млн адамға жетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy interfax.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемде COVID-19 -дан 6,48 млн көз жұмған.
АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия және Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 20 млн-нан асты.
Дүниежүзіндегі маңызды оқиғалар бойынша статистикалық деректерді жинайтын Worldometers порталының мәліметінше, аталған індеттен келген өлім-жітім 1 млн адамға шаққанда 832,1 тең. Үндістанда 1 млн адамға шаққанда 374 адам, Бразилияда – 3167, Францияда - 2 346, Германияда - 1 744 адам.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
