9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауады

9 ақпан, яғни жексенбі күні республиканың бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаңбыр аралас қар жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде тұман болады, Ақтөбе облысының кей тұсында көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман және көктайғақ күтіледі, жел жылдамдығы 15-23 м/с, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей аумағында тұман, көктайғақ болады, күндіз жел жылдамдығы 18 м/с жетеді, бұрқасын соғады.

Алматы, Атырау облыстарының кей аумағында жел жылдамдығы 15-20 м/с, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді, одан да асып кетуі ықтимал.

Түркістан облысында жел күшейеді, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с болуы мүмкін.

Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты