$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.02.2020, 09:03
Жаңалықтар

Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

Төтенше жағдай режимі Жамбыл облысы әкімінің шешімімен жарияланды

Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды
Фото: Бауыржан Жуасбаев

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың шешімімен Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімі:

1.Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында 2020 жылдың 8 ақпаны сағат 21.00-ден бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3. Осы шешім 2020 жылдың 8 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге салсақ,  7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. 

Серіктес жаңалықтары