Пәкістанда су тасқынынан 937 адам қайтыс болды
БҰҰ Пәкістанға көмектесу үшін 3 миллион доллар бөлетінін хабарлады
Пәкістан тасқын су салдарынан ауыр зардап шеккендіктен елдің Премьер-министрі Шахбаз Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Associated Press хабарлағандай, құтқарушылар әлі күнге дейін эвакуацияны күтіп отырған аудандарға жете алмай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Interfax.ru-ге сілтеме жасап.
Маусым айының ортасынан бастап Пәкістанда су тасқыны салдарынан 937 адам қайтыс болды, олардың үштен бірінен көбі балалар. Табиғи апатқа байланысты ел билігі төтенше жағдай режимін жариялады.
Өз кезегінде Шахбаз Шариф бірқатар шетелдік дипломаттармен және түрлі ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Оның айтуынша, 2010 жылмен салыстырғанда биылғы су тасқынының күші жойқын. Алайда, ол кезде 1 700 адам бақилық болды. Пәкістан билігі табиғи апатты «соңғы онжылдықтағы ең ауыр гуманитарлық апат» деп атады.
Судың ағыны 170 мыңнан астам үйді бүлдіріп, жолдар шайылған, 150-ге жуық көпір қираған. Кейбір аудандарда су азая бастады, бірақ Синд провинциясында жағдай күрделене түсті, қайықтағы құтқарушылар адамдарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
БҰҰ Пәкістанға көмектесу үшін 3 миллион доллар бөлетінін хабарлады.
Пәкістандағы муссон жаңбырлары әдетте шілдеде басталады, бірақ биыл нөсер маусым айында су тасқынына себеп болды.