27.08.2022, 05:22
Жаңалықтар
Ақмола облысында Қопа көлінде суға батып бара жатқан адам құтқарылды
Ол мас күйінде шомылып жүрген
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысында құтқарушылар Қопа көлінде суға батып бара жатқан адамды жағаға шығарды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, кеше кешкі сағат 21.00 шамасында Көкшетау қаласы жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мас күйінде шомылып жүрген адамды құтқарған.
Ол жағадан 10 метрге дейін алыстап кеткен екен.
№1 құтқару бөлімшесінің басшысы Мәулен Жолдығұлов, бас құтқарушылар Қазбек Ысқақов пен Дархан Асқарұлы уақыт жоғалтпай дереу суға батқан адамды жағалауға шығаруға кіріскен.
Құтқарылған ер адам медициналық көмекті қажет етпеді.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды