$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мұнайды Новороссийск арқылы экспорттауға шектеу жоқ – Каспий құбыр консорциумы

24 тамызда компания қондырғысына сүңгуірлік зерттеу жүргізілді

Мұнайды Новороссийск арқылы экспорттауға шектеу жоқ – Каспий құбыр консорциумы
Фото: ашық дереккөзден

Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды Новороссийск арқылы экспорттауға ешқандай шектеулер жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 тамызда ШАҚ-3 конструкциясына сүңгуірлік зерттеу жүргізілді. Шығарылатын айлақ қондырғысының су асты жабдығы шектеусіз жұмыс істеуге жарамды деп танылды, бұл мұнай жөнелтушілердің қазіргі сұраныстарын орындауға мүмкіндік береді», - делінген бейсенбі күні хабарламада.

Қазіргі таңда зақымдалған қондырғыны ауыстыру үшін ШАҚ-1 конструкциясында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Консорциумда резервте тұрған қондырғыларды ауыстыру бойынша қызмет көрсететін мердігерлерді алдын ала іріктеу аяқталды. Іріктеу жұмыстарына ресейлік және шетелдік компаниялар қатысты», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 22 тамызда КҚК қондырғысынан жарықшақ табылғаны, соған байланысты Новороссийск арқылы қазақстандық мұнай экспорты төмендегені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары