$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий құбыр консорциумы жұмысын тағы тоқтатты

Терминалдардың нақты қай күні іске қосылатыны хабарланған жоқ

Каспий құбыр консорциумы жұмысын тағы тоқтатты
Фото: shell.com.kz

Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2002 жылдан бастап Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы нысандарының құрамындағы ШАҚ-1 және ШАҚ-2 швартер қондырғылары, ал 2013 жылдан бастап ШАҚ-3 (ШАҚ – шығарылатын айлақ қондырғысы – ред.) жұмыс істейді. 2022 жылдың тамыз айында сүңгуірлер бригадасы ШАҚ-1 және ШАҚ-2 жабдықтар кешеніне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде суасты түтіктерін жүзу танктеріне бекіту орындарында жарықтар табылғанын анықтады», - делінген компания хабарламасында.

Табылған жарықшақтарға байланысты КҚК айлақ құрылғысы өндірушісі – IMODCO компаниясына, сондай-ақ құрылғылардың қауіпсіздігін бақылайтын ABS жіктеу қоғамына кеңес алуға жүгінді.

«Аталған ұйымдар жүзу танктерін ауыстырғанға дейін екі қонлырғыны пайдалануды тоқтата тұруды ұсынды. Халыққа және қоршаған ортаға төніп тұрған қауіп жоқ, өйткені жабдықтың саңылауы сақталып, мұнай төгілген жоқ», - делінген хабарламада.

КҚК 2022 жылдың наурызында болған дауыл салдарынан қалқымалы шланг бөліктеріне зақым келтіргенін атап өтті.

Компания теңіз терминалындағы тиеу операциялары уақытша тек ШАҚ-3 арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Қазіргі уақытта бір ғана қондырғыны пайдалану жүк жөнелтушілердің сұраныстарын қысқартылған көлемде орындауға мүмкіндік беріп отыр.

Терминалдардың нақты қай күні іске қосылатыны хабарланған жоқ.

Серіктес жаңалықтары