Алматы мен СҚО мектептері бес күн оқуға дайын – министрлік
Сол сияқты 25 мыңнан аса мұғалім үшін де сенбі демалыс күнге айналады
Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында 200 мыңнан астам оқушы 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес күндік оқу аптасына көшеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осыған байланысты, осы өңірлерде жұмыс істейтін 25 мыңнан аса мұғалім үшін де сенбі демалыс күнге айналады.
«5 күндік оқуға мектептердің 100%-ы көшеді. Алматыда бұрын сенбі күндері оқыған 166 мың бала мен жұмыс істеген 13 мың мұғалімі бар 124 мектеп енді бес күндік оқу аптасына көшеді. Сондай-ақ тек 1 ауысымда 16 мектеп бес күндік форматта оқиды», - деп нақты хабарлаған министрлік.
Дереккөзге сүйенсек, СҚО-да 470-тен астам мектепте білім алып жүрген 74 мыңнан аса оқушы да бес күндік оқуға ауысады.
«Бұл оқу жылын 31 мамырда аяқтау және оқу жүктемесін азайту туралы шешімнің аясында мүмкін болғанын айта кеткен жөн», - деп хабарлап отыр баспасөз қызметі.