17.08.2022, 06:02
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда тағы бір көше жабылады
Мұхтар Әуезов көшесі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
фото: aikyn.kz
Нұр-Сұлтанда Мұхтар Әуезов көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты толығымен жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі 20 тамызға дейін елордада Бөгенбай батыр даңғылынан Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылатынын ескертті.
"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мұхтар Әуезов көшесінде жол жабынын жөндеу басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты, 16-20 тамыз аралығында Бөгенбай батыр даңғылынан Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады", - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді