$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тұлпар-Тальго» пойызының басшылары әр рейс сайын тексерістен өтпес үшін пара беріп келген

Параны «Жолаушылар тасымалы» АҚ елорда учаскесінің бастығы мен орынбасары алып отырған

Қаржылық мониторингі агенттігінің елордалық департаменті «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасарын «Тұлпар-Тальго» пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.

«Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді»,-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі.

Серіктес жаңалықтары