$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мамандар коронавирустың балаларда ауыр өте бастағанын айтты

Жыл басынан бері елімізде 7 205 бала коронавирустан емделіп шықты

Мамандар коронавирустың балаларда ауыр өте бастағанын айтты
Фото: Коммерсантъ


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар инфекционисі Динагүл Баешева жыл басынан бері 7 205 баланың коронавирустан емделгенін айтты. COVID-19 жұқтырған балалардың бүгінгі таңда  95,6%-ы ауруханадан шыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, Қызылорда, СҚО және Жамбыл облыстарында ауруханаға жатқызылған балалар көп. Олардың ішінде - ауырлығы орташа дәрежедегі балалар - 75%, 1% - ы-ауырлығы ауыр дәрежеде, жеңіл дәрежеде - 23,7%. Аурудың алғашқы толқынында балалардың жас құрылымында 5-12 жастағылар басым болды. Қазір көріп отырғанымыздай, барлық жас топтары арасында ауру біркелкі таралуда. Ауруханаға жатқызылған науқастардың клиникасына ерекше назар аудару керек», - деді Динагүл Баешева.

Бас инфекционист дәрігер сондай-ақ қазір аурудың симптомдары да өзгергенін айтты.

«Егер бірінші толқында шамалы жөтел пайда болып, балалардың тамағы ауыратын, кейбірінің қызуы көтерілетін, ал кішкентай балалардың іші өтетін, ал бүгінгі күні жағдай басқаша сипат алып отыр - балалар интоксикация синдромымен түсіп жатыр. Яғни, дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады. Әсіресе, жоғары температура фонында қатты жөтеліп, тыныс алудың қиындауы балалар үшін қауіпті. Бүгін біз дәл сондай белгілерді байқап отырмыз», - деп түсіндірді инфекционист.

Динагүл Баешева барлық осы жағдайлар үшін клиникалық хаттамалар дайындалғанын, онда кезең-кезеңімен диагностика жасалып, ем тағайныдалғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары