$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде КВИ жұқтырғандардың 95%-дан астамы үйде емделіп жатыр – дәрігерлер

Бақыт Көшерова COVID-19 жұқтырғандардың арнайы режим сақтауы керек екенін айтты

Елімізде КВИ жұқтырғандардың 95%-дан астамы үйде емделіп жатыр – дәрігерлер
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде қазіргі кезде коронавирус жұқтырғандардың 95%-ы үйде емделіп жатыр. Олар COVID-19 вирусының симптомсыз түрімен ауырған. Жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі пациенттер стационардан шыққаннан кейін де бақылауда болады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты инфекционист-дәрігер Бақыт Көшерова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сарапшы аурудың жеңіл және орташа түрімен ауырғандарға амбулаториялық емделу кезінде қозғалыс режимін сақтау, жеңіл түрде емдік және тыныс алу гимнастикасымен айналысу, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу, дене температурасын, пульс, тыныс алуды, қан қысымын, сатурацияны бақылау (пульсоксиметр болған кезде), антикоагулянттар қабылдау қажет екенін айтты.

«Қауіп факторлары бар, аурудың орташа ауырлығы бар; ауыр және өте ауыр жағдайдағы пациенттерге, асқынулар болғанда қатар жүретін аурулардың декомпенсациясы кезінде медициналық көмекке уақытылы жүгіну ұсынылады», - деп атап өтті сарапшы.

Бақыт Көшерова амбулаториялық деңгейде пациенттерге қажетті дәрі-дәрмектің толық спектрі бар екеніне тоқталды. Сондай-ақ стационарлар COVID-19 емдеуге арналған препараттармен – вирусқа қарсы препараттармен, антикоагулянттармен, глюкокортикостероидтармен толық қамтамасыз етілгенін, респираторлақ қолдау бар екенін жеткізді.

«Қосымша аурулары бар пациенттер амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекті уақытылы алуы және олардың ауруы субкомпенсациядан декомпенсацияға түспеуі үшін емдеуді үздіксіз жалғастыруы маңызды. Ауыр науқастар реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері жағдайында ем алады», - деді ол.

Одан кейін амбулаториялық емдеуге ауыстыру (ерте шығару) клиникалық-зертханалық және аспаптық деректердің оң динамикасының басталу мерзімдеріне байланысты жеке жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары