$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстаннан Өзбекстанға 5 вагон-цистерна жанармайды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Оның көлемі – 280 тонна, құны шамамен – 90 миллион теңге

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңгені құрайтын жанармай құйылған 5 вагон-цистернаны өткізбек болғандар ұсталды. Олар жанармай қоспасы деген желеумен тауарды Өзбекстанға алып кетпек болған.

«Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып саналады. Белгілі болғандай, келісімшарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған», - деп мәлімдеді ҚР қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары