$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министрдің атын жамылып елден ақша талап ететін алаяқтар пайда болған

Қайырбек Өскенбаев жұртшылықты сақ болуға шақырды

Министрдің атын жамылып елден ақша талап ететін алаяқтар пайда болған
Фото ашық дереккөзден

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көпшілікті алаяқтарға алданбауға шақырды. Белгісіз біреулер министрдің атын жамылып, жалған ақпарат таратып жүрген көрінеді. Бұл туралы  министр өзінің Телеграмм арнасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Достар! Қазіргі таңда алаяқтардың әртүрлі амал-тәсілдері көбейіп кетті. Әлбетте, кез келген адам олардың арбауына оңай түсіп қалуы мүмкін. Мәселен, кешеден бері кейбір әріптестеріме «менің атымнан» бейтаныс адам хабарласып, басшылық қызметке тағайындау бойынша ұсыныс жасап, аталған ұсыныстан бас тартқан жағдайда және белгілі бір сома бермесе істеп жүрген жұмысынан шығарылатынын алға тартқан. Сонымен қатар алаяқтар басшылық лауазымға тағайындау үрдісі көп уақытты талап ететінін ескертіп, жедел жауап беруді сұраған», - деп жазды министр.

Ол жұртшылықты бос арандатуға бой алдырмай, сақ болуға үндеді.

«Осы ретте басшылық лауазымдарға тағайындау қоңырау шалу арқылы емес, алдымен конкурстық іріктеу негізінде, одан кейін тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылатынын ерекше атап өткім келеді. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, маған жеке хабарлама жолдауларыңызға болады немесе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысына хабарласа аласыз», - дейді министр.

Серіктес жаңалықтары