$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 15 жастағы бала Арыс өзеніне батып кетті

Жасөспірім шомылуға тыйым салынған орында суға түскен

Түркістан облысында 15 жастағы бала Арыс өзеніне батып кетті
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында 15 жасар бала Арыс өзеніне батып кетті. Ол шомылуға тыйым салынған аймақта суға түскен. Бұл туралы  Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Ордабасы ауданы Темірлан ауылынан бір шақырым жердегі Арыс өзенінің бойында болған. 2007 жылы туған жасөспірім отбасымен демалыс өткізу кезінде шомылуға тыйым салынған орында суға түсіп, қайтадан шықпаған.

«Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағына қарасты құтқарушылар мен сүңгуірлер баланың мәйітін судан алып шықты. Оқиға орнындағы баланы іздеу жұмысына Түркістан облысы ТЖД 2 қызметкері мен бір техникасы және жедел құтқару жасағының 5 құтқарушысы, полиция департаментінің 4 қызметкері жұмылдырылды» - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары