СҚО-да аң аулап жүрген ер адам абайсызда жанындағы серігін атып өлтірді
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында 55 жастағы ер адам өзімен бірге аң аулауға шыққан 64 жастағы жерлесін абайсызда атып алды. Бұл туралы СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамыз күні Шал ақын ауданының Неждановка ауылы маңындағы орманда болған. 55 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны аң аулау кезінде елікке оқ атқан, алайда, бытыраның бір бөлігі қасындағы серігіне – 64 жастағы Айыртау ауданының тұрғынына тиген. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-1-бабы «адам өлтіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбақ.