$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Қызылорда облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, бір жолаушы жарақат алды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент хабарлауынша, оқиға 8 тамыз күні сағат 03:30 шамасында «Самара-Шымкент» тасжолының Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекенінің тұсында болған.

«Тексеру барысында, Ресейден Өзбекстанға бағыт алған «Chevrolet Nexia» автокөлігі қарама-қарсы бағыттағы келе жатқан «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігіне соқтығысқан. «Chevrolet Nexia» автокөлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігіндегі жүргізушінің жанында екі жолаушы болған. Оның бірі дене жарақатымен Қазалы аудандық ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

 Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары