$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұзынағашта жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Түпкілікті шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады

Ұзынағашта жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Алматы облыстық полициясы Ұзынағаш ауылында түнгі уақытта жаппай төбелес ұйымдастырған төрт күдіктіні ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жастар арасында болған төбелестің видеосы тараған еді.

Оқиға 7 тамызда Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында болғаны хабарланды. 1974-1989 жылы туған жергілікті тұрғындар саунада болып, мекеменің екі қызметкерімен сөзге келіп қалғаны белгілі болды. Жанжал соңы төбелеспен аяқталды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, аудандық полицияға жеткізілді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша ("бұзақылық") тіркелді", - делінген хабарламада.

Ведомство бұл іс бойынша түпкілікті шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданатынын жеткізді. Ол Жамбыл аудандық полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары