04.08.2022, 06:01
Жаңалықтар
Ресейде Ozon интернет-дүкенінің қоймасы өртенді
Сақтандыру компанияларының есептеуінше өрттен келген шығын 10 млрд рубльден асады
фото: www.bbc.com
Мәскеу облысының Истринский ауданында Ozon онлайн-маркетплейсінің қоймасы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өрттің аумағы 55 мың шаршы метрді құрады, ғимараттың 22 мың шаршы метр төбе жабыны құлаған. Қоймадан өрт шыққанда мыңға жуық қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді, 13 адамның зардап шеккені белгілі болды.
Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев екі адамның іздестіріліп жатқанын жеткізді. ТЖМ қаза тапқандар туралы ақпаратты растаған жоқ.
«20 шақты адамның қайда екені белгісіз. Телефондары өшірулі тұр. Олардың барлығы жұмыста болған», - деп хабарлады Интерфакске жедел қызмет өкілдері.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді