Сібір таутекесін атқан Испания азаматтары ұсталды
Браконьерлер Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалында 2 таутекені атып алған
Жетісу облысы Сібір таутекесін атқан Испания азаматтары мен бір қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жоңғар-Алатау паркінің мемлекеттік инспекторлары Тоқты мемлекеттік табиғи қаумалы аумағынан «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлік тоқтатты. Көлікті тінту барысында жүк салу бөлігінен 2 Сібір таутекесінің терісі мен басы және екі қапқа салынған салмағы 60-62 кг ет табылған. Сондай-ақ екі шет ел азаматына тиесілі маркасы Mannlicher мен Блейзер қару құралдары тәркіленді.
Браконьерлікпен айналысқан Қазақстан азаматы мен Испанияның 2 азаматы ұсталды.
Аталған факті бойынша тергеп тексеру амалдарын жүргізу үшін Жетісу облысы Алакөл аудандық полиция бөліміне жіберілді.