$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президенттен сөгіс алған Қарашөкеев пен Сұлтанов айтылған сын орынды деп санайды

Қасым-Жомарт Тоқаев қант тапшылығын реттей алмаған министрлер жұмысын сынаған болатын

Президенттен сөгіс алған Қарашөкеев пен Сұлтанов айтылған сын орынды деп санайды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Сауда және интеграция министрі мен Сауда және интеграция министрі Мемлекет басшының сынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Президенттің айтқан сыны өте орынды. Бұл туралы мен баяндамамда айтып өттім. Біз осы мәселелер бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Мемлекет басшысының берген тапсырмасында Сауда және интеграция министрі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын тиімді етуге және ол үшін нақты тапсырмалар жүктелді. Екі министрлік осы бағыттар бойынша жоспар құрып, жұмысқа кірісіп кетті. Енді халық алдында да Мемлекет басшысы алдында да есеп беріп отырамыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те сынның орынды екенін айтты.

«Біздің жұмысымызда олқылықтарға жол берілді. Мен баяндамамда оның себептеріне жіті тоқталып өттім. Қазір жағдайды тұрақтандыру және жұмыстың тиімділігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз», - деді Е. Қарашөкеев.

Еске салсақ, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қант тапшылығын реттей алмаған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары