14.07.2022, 11:17
Үкімет
Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеев Президенттен сөгіс алды
Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын реттей алмаған қос министрдің жұмысынан ұялатынын айтты
Коллаж: Azattyq Ruhy
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі министрге сөгіс жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын. Еліміз дүкендерінде болып жатқан жағдайды қараңыздар, өте ұят», - деді Тоқаев Үкімет отырысында.
Президент атап өткендей, Үкімет бағаны тұрақтандыру бойынша дұрыс жұмыс істеп жатқан жоқ. Азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттағанына тағы тоқтала келе, Мемлекет басшысы тіпті, жекелеген тағам түрлерінің дүкен сөрелерінен жоғалып кеткенін сынға алды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)