05.02.2020, 03:54
Жаңалықтар
Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей жұмыстан шығарылды
Сонымен қатар ол 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды
Фото: ашық дереккөзден
Қостанайда мас күйде көлік жүргізген полицей жүргізуші куәлігі мен жұмысынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Полицейлер өз әріптесін рейд кезінде тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде оның полиция қызметкері екені анықталған.
«Медициналық куәландыру кезінде оның жеңіл деңгейлі мас болғаны анықталған. Ол жұмыстан босатылды. Сонымен қатар көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сондай-ақ, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді