СҚО-да жыл басынан бері 30 адам өрттен қаза болды
Өңірде жыл басынан бері 28 орман өрті тіркелді
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД деректері бойынша жыл басынан бері 385 өрт тіркелген (2021 жылы осы кезеңде — 419 оқиға). Салдарынан 30 адам қаза тапты, сол сияқты 284 млн теңгеге материалдық шығын келді. Бұл туралы Azattyq Ruhy pkzsk.info-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД деректері бойынша жыл басынан бері 385 өрт тіркелген (2021 жылы осы кезеңде — 419). 284 млн теңгеге материалдық шығын келді, ТЖ департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің мәліметі бойынша жыл басынан бері 28 орман өрті тіркеліпті.
Сонымен қатар, ТЖ департаменті хабарлағандай, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 3 адам, оның ішінде 1 бала суға батып кетті. Ал 2021 жылы статистика әлдеқайда қорқынышты: 22 батып кетті, оның ішінде 6-ауы – бала.
Құтқарушылар негізінен судағы төтенше жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау нәтижесінде туындайтынын еске салады.