19.07.2022, 01:33
Жаңалықтар
Суданда жаңбырлы маусым басталды, қаза тапқандар бар
Жаңбырлы маусым қыркүйекке дейін жалғасады
фото: kk.eferrit.com
Суданда алапат су тасқыны болып, Дарфур провинциясында кем дегенде 12 адам қаза тапты. Олардың бірі жүкті әйел, екеуі кішкентай бала. Бұл туралы Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми деректерге қарағанда 500-ден астам адам зардап шеккен. Елдегі гуманитарлық ұйымның мәліметінше, су басқан аймақтан көшірілген адамдар орналасқан жердегі 100-ге жуық құрылыс нысаны қираған.
БҰҰ маусымнан қыркүйек айына дейін жалғасатын жаңбырлы маусымнан оңтүстіктегі Дарфур және Оңтүстік Кордофан, Ақ Ніл және Кассала провинцияларында қазірдің өзінде 9 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді