Петропавл әуежайының кімге сатылғаны белгілі болды
Қазір "МАК" ЖШС әуеайлақтың жарамдылық сертификатын ұзарту рәсімінен өтуде
Петропавл әуежайын сенімгерлік басқару мәртебесі Алматыдан "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" ЖШС-не берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Петропавл.News-қа сілтеме жасап.
Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істейді, сенімді басқарушы болған "МАК" ЖШС (Қызыл-Жар халықаралық әуежайы) өткен жылдан бастап бірлескен қызмет шарты бойынша әуежай қызметін жүзеге асырады және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта "МАК" ЖШС әуеайлақтың жарамдылық сертификатын ұзарту рәсімінен өтуде.
"Халықаралық рейстерді дамыту мәселелері әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шаралар орындалғаннан кейін қаралатын болады", - деді Көлік және автожолдар басқармасы.
Бұдан әрі мүлікті акт бойынша беру және сенімгерлік басқару шартына қол қою рәсімі жүргізілетін болады. Сенімгерлік басқару шартына қол қойылғаннан кейін әуежайды пайдаланушы әуежайдың жұмыс жоспарлары туралы ресми өтініш жасайды.
"Мүлік те мемлекеттік меншікте қалады, сенімгерлік басқарушы өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындаған жағдайда жеке меншікке 5 жыл өткеннен кейін ғана беруге болады. Сенімгерлік басқарушы мүлікті басқару және әуежайдың қаржылық қызметін тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауға міндетті болады", - деп түсіндірді ведомствода.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Петропавлда төртінші талпыныстан кейін жергілікті әуежайды сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша аукцион өтті. Басқармада сондай-ақ, бұл байқауларға қатысу үшін мемлекет кірісіне қайтарылмайтын 850 миллион теңге төлеу қажет екенін атап өтті. Бұл ретте алғашқы үш конкурс қатысуға өтінімдер толық болмаған кезде өтті.
5,6 миллиард теңгеге бағаланған кәсіпорын 2,8 миллиард теңге сомасына кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға кетті. СҚО жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасында түсіндірілгендей, құны ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес төмендетілді