$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте ер адам бойжеткен қызға пышақпен шабуыл жасамақ болды

Қыз қорыққанынан қатты айқайлап жіберген соң күдікті қашып үлгерген

Шымкентте ер адам бойжеткен қызға пышақпен шабуыл жасамақ болды
Фото ашық дереккөзден

Шымкенттегі «Нұрсәт» шағын ауданында бойжеткен қыз шабуылдың құрбаны бола жаздады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жеке үйдің ауласында бойжеткен қыз телефонмен сөйлесіп тұрғанында қолында пышағы бар ер адам тап береді. Қыз қорыққанынан қатты айқайлап жіберген соң күдікті қашып үлгерген.

«Мен ештеңеден күдіктенген жоқпын. Мен оның жақындап келе жатқанын көріп тұрмын, ол бірдеңе сұрағысы келді деп ойладым, бірақ ол арқасынан пышақ суырып алды. Сол кезде мен қорқып кетіп, қатты айғайлап едім, ол қорқып қашып кетті», – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Аружан.

Оқиға 12 шілде күні сағат 22:40-та болған. Осыдан кейін ол бірден Қаратау аудандық ішкі істер бөлімінен көмек сұраған. Полиция бұл арызды қабылдады.

«Жақын жерде учаске бар. Мен сонда барып арыз жаздым. Бірақ олар менен қысқа киініп жүргенімді сұрады. Бірақ бүгін тергеуші телефон соғып, барлық мәселені түсіндірді», – дейді Аружан.

Бойжеткен ықтимал қылмыстың алдын алу үшін бұл адамды тауып, оқшаулау қажет деп отыр.

Полиция оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары