$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорда әуежайында 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары басталады

Жөндеу жұмыстарына 280 млн теңге бөлінген

Елорда әуежайында 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары басталады

Елорда әуежайында 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Осыған байланысты ұшу алаңының жұмыс кестесі уақытша өзгереді. Сәйкесінше кейбір әуе бағыттарының уақыты кейінге шегерілуі мүмкін. Алдын ала сатып алған билетін тапсырамын деушілерге айыппұл мен өсімпұл салынбайды. Бұл туралы Назарбаев халықаралық әуежай басқармасы төрағасының орынбасары Ерғазы Жолдасов айтты. Жөндеуге 280 млн теңге бөлінген.

«Мынау енді бүгінгі таңда жасалатын жұмыстың 70 проценті жасалды. Сол 30 проценті ұшып-қону алаңында. 15 шілдеден бастап, 8 тамызға дейін бітіруіміз керек. Сол аралықта ұшып-қонатын рейстердің кестелері жасалған. Әуе компанияларының бәрі біледі. Және де ол 100 күн бұрын белгілі болған», - деді Н. Назарбаев халықаралық әуежайы басқармасы төрағасының орынбасары Ерғазы Жолдасов.

Серіктес жаңалықтары