Ақмола облысында жұмыс істеп тұрған желдеткішті сүртпекші болған жұмысшы қолынан айырылды
Осыған байланысты полиция тарапынан тексеріс жүргізілуде

Ақмола облысының Жолымбет кентіндегі «Алтын Алмас» акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүртпекші болған жұмысшы абайсызда қолынан айырылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, 9 шілде күні Шортанды аудандық полициясының кезекші бөліміне жергілікті ауруханаға Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны «сол қолының травматикалық ампутациясы» диагнозымен жеткізілгені туралы хабар түскен.
«Ер адамның Жолымбет кентіндегі «Алтын Алмас» акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүрту кезінде жарақат алғаны анықталды. Осыған байланысты полиция тарапынан тексеріс жүргізілуде», - деді ведомстводан.