11.07.2022, 09:01
Жаңалықтар
Теннистен он үш жастағы Заңғар Нұрланұлы Париждегі турнирдің финалисі атанды
Айтулы додаға әлемнің 30 елінен 160-тан астам жас ойыншы қатысты
Фото: ktf.kz
Франция астанасы Париж қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша бірінші санаттағы турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, айтулы додаға әлемнің 30 елінен 160-тан астам жас ойыншы қатысты.
Қазақстаннан жарыстың бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлымен бірге Даниэль Тазабеков, Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Ариана Гогулина бақ сынады.
Заңғар Нұрланұлы финалда тартысты матчта германиялық Нильс Макдональдқа есе жіберді – 6:7 (4:7), 4:6.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді