$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда қарттар үйінде ер адам асылып көз жұмды

Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, еш нәтиже болмады

Оралда қарттар үйінде ер адам асылып көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Оралда Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының (қарттар үйі) тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«9 шілде күні кешке таман механикалық асфиксия белгілері бар 61 жастағы азамат табылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, еш нәтиже болмады. Қызметкерлердің іс-әрекет алгоритміне сәйкес, қызмет алушылар қайтыс болған жағдайда, тиісті органдарға хабарланады», - деп жазады «Мой город» порталы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде тергеу әрекеттері жүріп жатқаны, қызметкерлерден қажетті айғақтар алынғаны хабарланды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы 11 шілдеде белгілі болады. Осыдан кейін іс бойынша шешім қабылданады.

Белгілі болғандай, марқұм екінші топтағы мүгедек болған. Ер адам Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 2008 жылдың 8 ақпанында түскен.

«Оған биполярлы аффективті бұзылыс, аралас типті жыл сайынғы асқынуы, гипоманиялық жағдай, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған болатын. Осы жылдың мамыр айында облыстық психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған. Оралда тұратын балалар бар», - деп түсіндірді орталық.

Полиция аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары